Президент Жарлығымен Асылжан Мамытбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков 1968 жылдың 17 қыркүйегінде Шымкентте туған.
- 1992 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген
- 1992-1998 — ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер;
- 1998-09.2000 — Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары;
- 09.2000-22.12.2003 — Қостанай облысы қазынашылық басқармасының бастығы;
- 22.12.2003-13.04.2004 — Қостанай облысы әкімінің орынбасары;
- 13.04.2004-28.09.2006 — Астана қаласы әкімінің орынбасары;
- 28.09.2006-09.2007 — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
- 2007-2008 — ҚР Премьер-министрі Канцеляриясы жетекшісінің орынбасары;
- 11.2008-2011 — «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ» Басқарма төрағасы;
- 04.2011- 06.05.2016 — ҚР Ауыл шаруашылығы министрі;
- 01.2018 — Қазақстанның Ет одағының төрағасы.