Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астанаға газ тарту кезінде көп жұмыс орны ашылады – министрлік өкілі

Аталған жобаның тағы бір артықшылығы, құрылыс кезінде 800 жұмыс орны ашылады. Ал барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін 225 тұрақты жұмыс орны болады»,

– деді М.Мырзағалиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, шілдеге дейін оның барлығын мемлекеттік сараптамадан өткізу керек.

«Шілденің басында құрылысты бастау және дәнекерлеудің салтанатты рәсімін өткізу жоспарланып отыр», – деп атап көрсетті М.Мырзағалиев.

Айта кетейік, «Сарыарқа» газ құбырын (Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана – Көкшетау – Петропавл) кезең-кезеңімен пайдалануға беру көзделген. Алғашқы кезеңде 1081 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бөлігін аяқтау қажет. Оған 267,3 млрд теңге кетеді. Аталған ақша Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Қазақстанның даму банкі сияқты қаржы ұйымдарынан тартылады деген жоспар бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз