Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанаға 20 жыл: бүгінгі мерекелік іс-шаралар тізімі

144

Осы күні «Астана» концерт залында КСРО халық әртісі, Социалистік еңбек ері, академик Бибігүл Төлегенова Астанаға музыкалық тарту жасайды. Аңызға айналған әншінің жеке концерті кешкі сағат 18.00-де басталады.

Астананың 20 жылдығына орайластырылған іс-шаралардың шарықтау шегінде «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда қазақстандық және шетелдік әртістердің қатысуымен гала-концерт өткізіледі. Бес сағаттық музыкалық шоу ашық аспан астында өтеді және оны көрем деушілерге есік ашық.

Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Қарақат Әбілдина, Ардақ Балажанова, Қайрат Баекенов және басқалары Астананы туған күнімен құттықтайды. Кеш хэдлайнері – «Ninety One» және оңтүстіккореялық «Boyfriend» топтары.

Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасын барша әлемге таныстыру рәсіміне қатысқан «На-На» тобының өнерін тамашалайды.

Бұдан басқа, концерт көрермендері мерекелік отшашу тамашалайды. Биыл отшашу 6 шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында болады. Гала-концерт пен мерекелік отшашу «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Басталуы сағат 20.00-де.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз