Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Астанада жүздеген көлік соқтығысты

289

“Өткен үш тәулік ішінде Астана жолдарында 122 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 6 адам түрлі жарақат алды, қаза болғандар жоқ”, — деп хабарлады елорда әкімдігі.

Астана полициясы департаменті түсіндіргендей, жол апатының басты себебі – автокөліктердің ауа райы жағдайына дайын болмауы. Жол апатына түскен көліктер жазғы доңғалақпен жүрген.

Бұған қоса, қала билігі мен полиция жүргізушілерге жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтауды тағы бір мәрте ескертті.

Жаяу жүргіншілер де көктайғақ кезінде абай болғаны жөн. Мұндай жағдайларда автокөліктердің тежеу жолы ұлғаяды. Сол себепті азаматтар жолды тек рұқсат етілген жерден кесіп өткені дұрыс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз