Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанада жаңа латын графикасындағы тұңғыш газет таныстырылды

315

Басылымды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп шығарған. Бас редакторы – Қуат Әуесбай.

«Араға 90 жыл салып, Қазақстан латын графикасындағы басылым шығаруды қолға алды. Бұл баршамыз үшін жақсы үрдіс деп есептейміз.

Оның қоғам кеңістігінде де алатын орны зор болмақ.

Бұл газет жаңалықтың жаршысы ғана емес, латын қарпінде оқып білуге, сауатты жазуға бейімделуге, үйренуге және рухани демалуға мүмкіндік береді», – ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен таныстыру рәсімінде.

«Тіл-Қазына» газеті латын негізді қазақ әліпбиін нәсихаттап, жаңа қазақ емлесінің ережелерін түсіндіруге бағытталған. Онда «Әліпби», «Рухани жаңғыру», «Кие», «Ғалам», «Емле», «Сарап» және «Таным» айдарлары арқылы жаңа әліпби туралы ақпарат, танымдық материалдар жарық көреді. Астанада жаңа латын графикасындағы тұңғыш газет таныстырылды Газет А3 форматында 8 беттен құралған. Бастапқыда айына екі рет 3 мың тиражбен шығару жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтында газеттің электронды нұсқасы жарияланып, онлайн әзірленеді.

Еске сала кетсек, латын графикасына көшу ұсынысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған болатын. 2017 жылдың 27 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.
Барлық құқықтар қорғалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз