Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астанада үш оқушыны қағып, біреуін өлтірген адам 1,5 жылға сотталды

https://kaz.365info.kz/almatyda-ysh-balasymen-zhol-zhieginde-tyrgan-ajeldi-kolik-khagyp-ketti-video-282513

Еске сала кетейік, 4-қыркүйекте шамамен 13:20-да 21 жастағы жүргізуші Lexus маркалы көлікті басқарып, Момышұлы көшесінің бойында, Аманат көшесімен қиылысқан жерде бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп, назарын телефонға аударамын деп кәмелет жасына толмаған бірнеше қызды қағып кетті. Оқушы қыздар оңнан солға, бағдаршамның жаяу жүргіншіге рұқсат етілген түсіне өтіп бара жатқан. Сөйтіп, қыздардың бірі ауруханада қайтыс болды.

Соттың баспасөз хатшысының хабарлауынша, зардап шеккен Ахмедиярованың заңды өкілі қылмыстық істі тоқтату туралы арыз берген, себебі айыпталушы ол қызға келтірген моральдық және материалдық зардапты толықтай өтеп берген, сол үшін зардап шеккен тарап ешқандай айып тақпайтынын білдірген.

“Осыған байланысты, соттың 2018 жылы 5-қаңтарда шығарған үкімімен Жақсыбекке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, себебі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі аса ауыр емес қылмысқа жатқызылады, ҚР ҚК 68-бабына, екі тараптың ымыра келуіне байланысты сот қылмыстық істі тоқтатуға міндетті, оған медиация да кіреді”, – деп жазды Баянова.

Ал, адам өліміне қатысты эпизодқа қатысты айыпталушы бір жарым жылға сотталды.

https://kaz.365info.kz/almatyda-kolik-khakhkhan-zhyrginshinin-denesi-birneshe-bolikke-bolinip-ketti-273866

“Сот үкімімен Жақсыбек 1 жыл 6 айға бас бостандығынан және 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді”, – деп хабарлады Баянова.

Сонымен қатар, зардап шеккен тарапқа моральдық залал есебінде 1 500 000 теңге өндірілді. Жазаны белгілеу кезінде бірнеше жаяу жүргіншіге зала келтірілгені және бір адамның көз жұмғаны ескерілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз