Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанада велосипедшілерді қағып өлтіре жаздаған жүргізуші тергеліп жатыр

Одан бөлек, сол аяғының екі башпайының сүйегі сынған. Қазір гипсте, балдақсыз жүре алмайды. Денесіндегі жырылып кеткен ұсақ жарақаттарын айтпағанда, екі тізесін де қатты ауыртып алған. Бәрінен ауыры, миы шайқалған. Әлі де солқылдап басы ауырады. Оқиға осы жексенбіде болды. Жарысқа 500 велошабандоз қатысқан.

Соның ішінде, Достық көшесімен сағатына 39 шақырым жылдамдықпен заулап келе жатқан үш әуесқой спортшы  Сауран көшесімен қиылыстан өте бергенде «Дэу Нексиа» оларды қағып түсіреді. Ербол Елемесов апатқа ұшыраған үшеудің ортасында келе жатқан. Ал соңынан келіп, қаңбақша ұшып түскен Мағжан Жұмабаевтың жағдайы бұдан да нашарлау. Көлік бампері бірінші велошабандозға да тиген. Бірақ, ол аман-сау. Полицияның мәліметінше, «Дэу Нексианың» жүргізушісі жол полициясының ескертуіне құлақ аспаған. Сондай-ақ, ескертуді елемеген тағы бір жүргізуші бар.

«Тойота камри» автокөлігінің де жүргізушісіне қатысты әкімшілік жаза қолданылып, тексеріс барысында анықталғандай,  Екі бап бойынша әкімшілік өндірістік іс қозғалып, жазаға тартылған. Екі бапта да 5 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған”, деді Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз