Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астанада тұрғындардың ақшасын алдап алып кететіндер көбейген

Осы жылдың 20 тамызында қала тұрғыны Астана қаласының бизнес-орталықтарының бірінде белгісіз тұлға алдау арқылы 700 мың теңгесін иемденгені туралы полицияға арызданды (ақша қаражатын айналдырып беремін деген сылтаумен). Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ кредит алуға “көмектесетіндер” де аңқау жұрттың қалтасын қағып жатыр. Ол интернет-ресурстарда хабарландыру орналастырып, “онлайн-кошелек” төлем терминалы арқылы телефонның абоненттік нөміріне кепіл ретінде ақша аударуды сұрайды.

Осылайша, 21 тамызда 27 жастағы қала тұрғыны интернеттен кредит алуға көмек көрсетемін деген жарнаманы оқып, абоненттің ұялы телефонына ақша (15 000 теңге) аударған, алайда содан кейін алаяқтар телефондарын сөндіріп тастаған.

Алдап ақша жымқырудың кең тараған түрлерінің бірі – тауар сатып алушыдан алдын ала ақша сұрау. Жәбірленуші автобөлшектер сатып алу үшін шотқа алдын ала интернет ресурс арқылы ақша аударған, алайда ақша да, тауар да жоқ.

Аталған барлық фактілер бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

“Қомақты қаржы ұсынатын мекемелерге мұқият болыңыздар, тіпті мән бермеңіздер, сонда ғана ақша өзіңізде қалады. Тауарға алдын ала төлемеңіздер. Сатушы туралы ақпарат жинаңыз, оның жұмысына қатысты пікірлермен танысыңыз. Курьердің қызметін пайдаланыңыз және ақысын тауарды жеткізгенде ғана төлеңіз!”, — деп ескертті Астана қаласы ІІД.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз