Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Астанада тез қартаятын бала дәрігерлер қарауына алынып, отбасыға үй берілетін болды

Кездесу барысында олар баланың сырқат ерекшеліктерін, диагностикалық тексеру нәтижелерін, сонымен қатар, оны әрі қарай емдеу тактикасын талқылады.

Тамара Дүйсенова Зибенса Төлепбергеноваға Ұлттық балаларды оңалту орталығында оңалту шараларын қабылдауды ұсынды.

“Сіздің ұлыңыздың денсаулығы министрліктің үнемі бақылауына алынды. Мемлекет халықтың денсаулығына басымдық бере отырып, ең алдымен, балалардың денсаулығына зор көңіл бөледі. Біз барлық медициналық көмекті көрсетеміз”, – деді министр.

Сонымен қатар, Зибенса Төлепбергеноваға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды. Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Астана қаласының әкіміне Төлепбергеновтер отбасына тұрғын үй беру туралы өтініш хатын жолдады.

Баланың аллергиялық статуысына байланысты Зибенса Төлепбергенова ұлын госпитализациялаудан бас тартты. 23-қаңтардан бастап оның баласы – Ернар Әлібековке Ұлттық балаларды оңалту орталығында амбулаторлық емдеу шаралары ұйымдастырылып, үнемі динамикалық бақылауға алынатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз