Астанада күннің суытуына байланысты екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды» делінген хабарламада.
Кеше Астанада таңертең оқитын 1-4 сынып оқушыларына күннің аяздауына байланысты сабаққа келулеріне тыйым салынған еді. Бүгін Астанада 29 градус суық болып тұр. Ал алдағы күндері ауа-райын болжаушылар Астанада сынап бағаны 33 градусқа дейін төмендейтінін мәлімдеді.