ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметшінің отбасында төртем туылды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шекара қызметінің «Астана» бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын прапорщик Асхат Спановтың отбасында екі ұл, екі қыз бір мезетте дүниеге келді.
– Алғашқыда бізге үшем болатындығын айтқан болатын, ал төртем болған кезде біз, тіпті, қуандық, – дейді өзінің қуанышын бөліскен жас ана Салтанат Спанова, – жүктілік кезінде мен дәрігерлердің жіті қадағалауында болдым, күйеуім де мені жақсы қолдап, қолынан келген көмегін аяған жоқ.
Жоғарыда аталған орталықтың меңгерушісі Клара Бектұрсынованың сөзіне қарағанда, жаңа босанған ананың да, өмір есігін жаңа ғана ашқан сәбилердің де денсаулығы ойдағыдай, өздерін жақсы сезінуде, әрине, олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады.
Төртемнің әкесі Асхат балаларына әжесінің ат қойып үлгергенін айтады. Сонымен, сәбилердің есімі – Әрсен, Әлихан, Диара және Әдел болды.