Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
477
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.41
0.00

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ плюс» отырысы форматында өтеді.

Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, соның ішінде «Әділетті бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы» бастамасы, «ШЫҰ-ны жетілдіру», Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру рәсімін аяқтау туралы шешім қабылданады.

ШЫҰ плюс отырысы «Әділ әлем, келісім мен даму үшін әлемдік бірлік туралы» тақырыбында кеңейтілген құрамда өтеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ақпарат Telegram-дағы ТРК Президента арнасында жарияланды.

Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті бүгін, 4 шілдеде республикалық телеарналардың бірінде тілкелей эфирде көрсетіледі.

Тікелей эфир сағат 10:00-де Silk Way телеарнасында көрсетіледі. Сондай-ақ онлайн-трансляция Youtube-тегі Jibek Joly news арнасында жүргізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз