Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанада сауда орталығының алдында қанды оқиға болды

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, оқиға туралы хабар кезекші бөлімге 18:00-де түскен.

“Оқиға орнына жеткен қызметкерлер 35 жастағы ер адамды тұтқындады. Зардап шеккен 1984 жылғы ер адам “ашық түрде миы зақымданған” және “кеудесінен жарақат алған” деген диагнозбен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша жүргізіліп жатыр”, – деді баспасөз қызметінің өкілі.

Ұсталған адам жанжалдың неден шыққанын айтып берді. Ол көліктен түскен кезде зардап шеккен ер адам мас күйде болған және балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ер адам оған дене жарақатын салған.  Астана ІІД өкілі оқиға барысында ешқандай суық қару болмағанын айтты. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз