Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада өзін атып өлтірген кафе иесінің қызы бір сұмдықтың бетін ашты

«Карабах» шағын кафесі Астананың маңында Қарағанды мен Павлодар бағытындағы жол бойында орналасқан. Өзін атып өлтірген 60 жастағы кафе иесі Авазов Рашидоғлы оны 2010 жылы тұрғызған. Марқұмның қызының айтуынша, оның әкесі кафе салынған жерді жалға алған.

Астанада өзін атып өлтірген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын баяндап берді

«Бұл жер 2015 жылға дейін бір компанияға тиесілі болды. Біз бұл жерді 2020 жылға дейін жалға алдық. Жер теліміне қатысты барлық құжаттар мен келісімшарт бар. Біз заң бойынша барлық салықты да төледік. Бірақ 2015 жылы компаниядан бұл жерді тәркілеген, ал ол туралы бізге ешкім ештеңе айтпаған. Сол уақытта ғимарат салынып қойған. Әкем бұл кафені өзі салды. Біз мұнда көліктерімен осы жерден өтетін адамдарды тамақтандырдық. Оған қоса әкем, анам, үшейміз де  осында тұрдық», – деді Тұнзала Рашидли.

Астанада өзін атып өлтірген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын баяндап берді

Марқұмның қызы әкесінің өзіне қол салғанын біраз уақыттан кейін, техника ғимаратты бұза бастаған кезде білген. Сондай-ақ, ол кафені босатуылары керек екенін де білгендерін айтты.

Оның сөзінше, прокуратура оларға барлық заттарын алып, кафені босатуға 10 қыркүйекке дейін уақыт берген. Алайда, белгілі болғандай аталған дәмхана осы аптада бұзылуға кеткен.

Қыздың әкесі Астана қаласы Әділет басқармасының сот орындаушысы ғимаратты бұзу үшін келгенде кефесінен 100 метр жердегі орман алқабында өзіне қол салды. Енді марқұмның мәйіті туған жеріне жеткізіліп, Әзербайжанда жерленеді.

Астанада өзін атып өлтірген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын баяндап берді

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанада кафені бұзу кезінде оның қожайынының өзін атып өлтіргені туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз