Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанада өткен құтқарушылар жарысында шығыс өңірдің өрендері үш рекорд жаңартты

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Чемпионатқа ерлер арасында 19 және бозбалалар арасында 12 команда қатысты. Сондай-ақ 12 әйелдер командасы арасында өзара тартыс болды, алайда олардың нәтижелері жалпы командалық есепке кірмеді.

Бақталастар екі норматив бойынша тіресті – шабуыл сатымен көтерілу және кедергілері бар жүз метрлік жолақты бағындыру. Спорттың аталмыш түрі әлемде өте танымал, ол барынша қызықты да күрделі.

Биылғы чемпионатта шығыс өңірінің жігіттері Қазақстан Республикасының үш рекордын жасады.

Бірінші рекордты Снегирев Глеб жасады, ол ілініп тұрған сатымен екінші қабат терезесіне 7,46 секундта шығып үлгерді. Екінші рекорд Мешков Валентинге тиесілі, ол екінші қабатты 8.14 секундтта бағындырды. Үшінші рекордсмен болып Ершов Илья болды, ол кедергілері бар жүз метрлік жолақты 18.41 секундта бағындырды. Олардың барлығы чемпион болып және өз топтарындағы жас рекордсмендер деп танылды.

«Күрес оңайға түскен жоқ, барлық қарсыластар дене-күш жағынан болсын моральдық жағынан да дайындықтары мықты болды. Біздің құраманың моральдық рухы мықты болды. Бізді жаттықтырушымыз Михаил Филатов дайындады, және жарысқа шығар кезде біздің команда тек қана жеңуді мақсат етті! Жүлделі орынды иелену, әрине оңай емес, біз табанды түрде күш көрсеттік, жаттығу кезінде қан мен тер төктік. Бұл өз нәтижесін берді» – деп әңгімелейді Снегирев Глеб.

Жарыс қорытындылары бойынша жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысының ерлері де бозбалалары да І-орынды иеленді. Бозбалалар жеңісте үлкен айырмашылықпен басып озды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз