Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада әлеуметтік нысандарды аралаған жаңажылдық шара ұйымдастырылды (фото)

Елімізде 141 952 баланың мүмкіндігі шектеулі. Оның 67 пайызы оқу орындарына бармайды. Бұл ретте, «Дара» қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен (2014 жылдан бастап қайырымдылық жобаларын іске асыруға кіріскен еді. Негізгі мақсаты – Қазақстанда инклюзивтік қоғам құру. Қазіргі уақытта республикада психологиялық-педагогикалық түзеуге бағытталған 6 кабинет ашылды. Олар Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Тараз бен Өскемен қалаларында орналасқан. Барлығы да заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Қала бойынша осындай үш кабинет бар. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың барлығына көмек көрсетеміз. Психологиялық-медициналық комиссияның жіберуімен әр түрлі диагнозы бар балғындар келеді. Сал ауруына шалдыққан, сөйлеу қабілеті төмен, көзі нашар көретін бүлдіршіндер бар. Үш ай қызмет көрсетеміз, шамамен 70 балаға жуық қабылдаймыз. Қызметтің бәрі тегін көрсетіледі» – дейді Астана қаласы №2 психологиялық-педагогикалық түзету қабинетінің меңгерушісі Айгерім Ардагерқызы Алмолдаева.

Бұндай мекемелер елімізде инклюзивтік білім беруге апарар бірден бір жол. Алдағы уақытта тағы бірнеше тақілеттес кабинет ашу көзделіп отыр. Айта кетері, жасалған жұмыстың нәтижесі сауығып жатқан балалардан айқын көрінеді.

Сонымен қатар, елімізде арнайы білім беруге бағытталған жүз мектеп бар. Бұл дамуында ауытқуы бар балаларға білім мен тәрбие беруге бағытталған мекемелер. Ағымдағы жылдың тамызында ҚР арнайы түзету мектептерінің қажеттіліктері қаралған болатын. «Бақытты балалық» жобасы аясында Астана қаласындағы 1 мектеп пен Алматыдағы 7 мектеп материалдық-техникалық базамен қамтылған. Бұл жерде балалардың жан жақты дамуына жағдай мол. Білім алумен қатар алуан түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Барлығында да білікті мамандар қызмет етеді.

Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өкілдерінің ат басын бұрған келесі нысаны Астана қаласындағы SOS балалар ауылы. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды бағып-күту мақсатында ашылған мекеме бүгінде 105 жасөспірімді тәрбиелеп отыр. Бұндай қалашықтар еліміздің үш қаласында бар, олар Астана, Алматы мен Теміртау.

Астана қаласындағы ерекше атап өтер маңызды нысандардың тағы бірі – №2 қалалық аурухана жанындағы БЦС ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығы. Елімізде бұл ауруға душар болған 13 мыңға жуық бала бар. Өкінішке орай, олардың 20 пайызы ғана оңалтудан өте алады, оның өзінде мұндай мүмкіндік жылына бір-ақ рет беріледі. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен іске қосылған «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» жобасының мақсаты бұндай балаларға қол ұшын созу. Орталыққа жыл сайын 20-25 баладан 12 рет қабылданады. Осы уақытқа дейін 754 бала оңалтудан өткен, оның 154 ауылдық аймақтардан келген балғындар. Алыс аудандардан келгендерге тәуліктік медициналық бақылау, жататын орын мен тамақ тегін ұсынылады.

Көрсетілетін қызметтер тізімінде дәрігерлер, ЕДШ жаттықтырушылары, арнайы педагогтер мен псхологтардың жұмысы бар. Сонымен қатар, физиотерпаиялық емдеу, массаж бен еңбек терапиясы қарастырылған. Орталық соңғы үлгідегі технологиялармен қамтылған, әрі оларды қолдануды жетік меңгерген жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Мұнда тіпті қиын спорт түрлерінің бірі дзюдо жаттықтырушысы бар. Қатысатын балалар саны да аз емес. Жұмыстың нәтижесі де анық көрініп тұр, оңалтудан өткен жеті жүзден аса баланың елуге жуығы жүре бастаса, жүзге тарта бүлдіршін өздері еңбектей алатын дәрежеге жеткен. 2016 жылы Атырау мен Жаңаөзен қалаларында дәл осындай орталықтар бой көтергенін атап өткен жөн. Келер жылы Оңтүстік Қазақстан облысында да ашылмақ.

Айта кету керек, қор өкілдері жаңа жылдық құттықтауға ерекше дайындалғандары көрініп-ақ тұр. Аяз Ата мен Ақшақар бастаған бір топ жоғарыда көрсетілген төрт мекемеде де балалардың көңілін көтеріп, сыйлықтар таратты. Өз кезегінде балалар да жасалған жақсылықты жауапсыз қалдырған жоқ. Келген қонақтарға бірі әннен шашу шашып, би билесе, енді бірі қолдарынан жасалған әдемі әшекей бұйымдарын сыйға тартты. Қуанышқа бөленген балғындардың шат күлкісі кімнің болса да жүрегін тебірентері сөзсіз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз