Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанада көшеде полицейдің ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Оның айтуынша, жас жігіт сол маңдағы адамдарға әлгі екеуі қалтасына бір нәрсе алып, оған жаба салмақшы екенін түсіндірген.

“Біз екі адамнан куәліктерін көрсетуді сұрадық. Қызметтік куәліктері бар. Олар 102-ні өздері шақырып, жаңағы жігітті патрульдік көлікке отырғызды. Одан кейінгі тағдыры белгісіз. Жігіттің бір кінәсі бар деп үміттенемін. Түсініксіз. Көшеде форма киген адамды ұстап жатқанын күнде көре бермейсің. Әдетте бәрі керісінше болады”, — деп жазған ол.

Елордалық ІІД баспасөз қызметі ІІБ күзет бөлімшесінің полицейі ұсталғанын түсіндірді.

“Видеода Астана қаласы “Алматы” ауданы ІІБ қызметкерлерінің заң бұзушылық жасады деген күдікпен ішкі істер органдарының күзет бөлімшесінің полицейін ұстап жатқаны сәті түсірілген. Қазір тексеріс жүріп жатыр”,- деді баспасөз қызметінен.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз