Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада есірткімен күресудің орнына қылмыскерлермен ауыз жаласқан экс-басшы 15,5 жылға сотталды

Бұл туралы Астана қалалық мамандандырылған соты хабарлады.

Істің деректері бойынша, Астана ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасы бөлімінің бұрынғы бастығы У. мен оның қол астындағы екі қызметкер 2013 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Астана аумағында есірткі өткізумен айналысатын “С” қылмыстық тобына қолдау көрсетіп, оны демеп отырған. Астана ІІД басқармасының басшысына жаза ретінде 15,5 жылға бас бостандығынан айыру және жеке мүлкін тәркілеу, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру үкімі шығарылды.

Оның қоластындағы екеу де 15 жыл 2 айға сотталып, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді және мемлекеттік қызметке келу құқығынан өмір бойына айырылды. Осы үкіммен барлық төрт есріткі сатушы 15 жыл 2 айға бас бостандықтарынан айырылды, сондай-ақ оларға қатысты мүлкін тәркілеу жазасы да қолданылған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз