Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанада ер адам 10-қабаттан құлаған баланы қағып алды (видео)

Оның айтуынша, баланың жасы шамамен жетіде. Көршілер жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырған.

“Анасының жағдайы нашарлап кетті. Ол сыртта болды, төменнен қарап тұрған. Мен оның анасын білемін, көрші ретінде амандасым тұратынбыз”, – дейді Артем.

Баланы құтқарған жігіт онымен сөйлесіп үлгерген. Ол осылайша сыртқа серуендеуге шықпақшы болған екен.

“Үйде жалғыз болдым дейді. Анасы 15 минутқа үйден шығып, есікті құлыптап кеткен екен. Іші пысқан соң, ол далаға шығып, серуендегісі келген. Ол бәтеңкесін, бас киімін және күртесін киіп алған. Маса үйге кірмеуі үшін жасалған торды пышақпен кесіп, төмен қарай түсе бастағанда ілініп қалған. Мен балконға шыққанда оның көмектесіңіздер деген дауысын естідім. Өзім де аң-таң болып қалдым. Ыңғайланып тұрдым да, дер кезінде құтқарып қалдым”, – дейді Артем Карев.

Құтқарылған баланың анасымен Артем сол күні сөйлесіп үлгермеген. Болған жағдайдан соң жедел жәрдем дәрігерлері анасын қараған. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер оқиғаның 24 қыркүйекте Астанада болғанын айтады.

“10:16-да баланың 10-шы қабаттан құлауына қаіп бар деген хабарлама түскен. Елордалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімі 10:22-де жеткен. Құтқарушылар жеткенше, 2012 жылы туған баланы тоғызыншы қабатта тұратын көршісі құтқарғаны анықталған. Баланың жағдайы жақсы, ол ата-анасына тапсырылды. Көмек қажет болмады”, – деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз