Астанада салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінде көтергіш заттың жібі үзіліп кетіп, екі жұмысшы 20-шы қабаттан құлады.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға бүгін түске дейін орын алған.
«16 қыркүйек күні Астананың Есіл ауданында салынып жатқан нысанда 20-қабаттағы биіктіктен көтергіш құрылғының жібі үзіліп, екі адам ажал құшты», – деді Руслан Иманқұлов.