Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында «Creative Aimaq» жобасы аясында Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Екі күн ішінде көрмені 2 мыңға жуық адам тамашалады.
Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар, ағаш пен былғарыдан жасалған өнімдер, ұлттық тоқыма, қазақы сән үлгілері, ұлттық киімдер мен аксессуарлар, сырмақ, сөмке, әмиян, белдік, кәдесыйлар, сәндік паннолар және бейнелеу өнері туындылары ұсынылды. Экспозицияның жекелеген бөлімдері Жамбыл Жабайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналды.