Астанада бір шенеунік 150 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроға сілтеме жасап.
Парақор шенеунік – ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің білдей қызметкері болған екен.
“Астанада жеке кәсіпкерден мұнай өнімдерінің сапасын саралау қорытындысы бойынша шешім шығарып беру үшін 150 мың доллар пара алып жатқан жерінен ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кедендік зертхана мекемесінің бас маманы Агубаев А.Б. ұсталды“,
– делінген хабарламада.
Күдікті қазір қамауда отыр. Тергеу жалғасуда.