Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанада белгісіз ер адам балабақшадан сәби ұрламақ болды

Анықталғандай, тәрбиеші баланың әжесіне оның немересін бейтаныс ер адамның алып кеткісі келгенін хабарлаған. Ер адам тәрбиешіге қыздың анасы сырттағы көлікте күтіп отырғанын айтып, бүлдіршінді өзімен алып кетпек болған.

«Күдігі туған балабақша қызметкері Лананың ата-анасынан түскен қоңырауды тексеру үшін ұялы телефонын тексеруге кеткен. Бірақ, ата-анадан ешқандай хабарлама болмаған. Тәрбиеші холлға қайтып келгенде, күмәнді ер адам мен көшедегі көлік ізім-ғайым жоғалған. Мекеме меңгерушісіне хабар беріліп, полиция жасағы шақырылды. Бейнекамера жазбалары тексерілді, алайда ер адамның түрін анықтау мүмкін болмады. Дегенмен, куә болғандардың айтуымен фоторобот жасалуда», – деп жазды ол.

ІІД баспасөз қызметі шағым бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

«Шағым бойынша тексеру жұмыстары және күдіктіні анықтау бойынша жедел шаралар жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп жауап берді баспасөз қызметінен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз