Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанада қазақтілді үздік сайттар марапатталды

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сыйлық құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры. Байқау өткізудегі серіктесі мен ұйымдастырушы – Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Байқауға мемлекеттік тілде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты.

Рәсімге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов қатысты. Байқауға республиканың барлық аймақтарынан 30-дан астам өтінім түсті. Байқау комиссиясы 7 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады.

«Өткір тіл» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.qazaquni.kz порталы,

«Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.qasym.kz порталы,

«Терең ізденіс» – қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.kazmuseum.kz сайты,

«Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт аталымы бойынша www.tobyl-torgai.kz сайты,

«Спорт тынысы» – салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.dodasport.kz сайты,

«Білім бұлағы» – білім беретін үздік сайт аталымы бойынша www.martebe.kz сайты,

«Жастар әлемі» – жастар тақырыбына арналған үздік сайт аталымы бойынша www.massaget.kz порталы жеңімпаз болып танылды.

Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының дипломдары мен ақшалай сыйлық тапсырылды.

Өз кезегінде 365 медиа-порталы  әріптестерін айтулы жүлделерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тілейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз