Астанадағы автобустардың бірінде бір топ жолаушы жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода бір топ жолаушының жігітке шабуыл жасап, оны тепкілеп, жұдырықпен ұрғаны байқалады.
Аталмыш оқиға 13 қыркүйекте №25 автобуста болған.
«Алматы аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне 16 жастағы жасөспірімнің заңды өкілі арызданып, оның ұлын қоғамдық көлікте әлдекімдер ұрып-соғып кеткені туралы арызданған. Құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылды», – деп Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.