Астанадағы №3 автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов жүргізушілердің қанша жалақы алатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Астанадағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысы орташа есеппен алғанда 350 мың теңге. Бірақ тарифті көбейтіп, жанар-жағармай материалдары мен қосалқы бөлшектердің бағасын арзандатса, оларға бұдан да көп ақша төлеуге дайынмын”, – деді Бауыржан Тілеубергенов “Астана LRT” баспасөз туры барысында.