Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Астанада қалалық қоғамдық көліктер жаппай жол жүру бағытын уақытша өзгертеді

101

Мәселен, № 5 маршрут Құдайбердиев даңғылымен «Құдайбердиев даңғылы» аялдамасына дейін өзгеріссіз жүреді, одан әрі Құдайбердиев даңғылымен тура – Пушкин көшесі – Абай даңғылы – Сембинов көшесі – Сейфуллин – Уәлиханов – Бөгенбай батыр даңғылы – Жеңіс даңғылы. Одан әрі қазіргі бағыт бойынша жүреді. Содан кейін осы бағытпен кері қайтады.

Ал № 7 маршрут Төлебаев көшесімен «Көкарал көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз жүреді, одан әрі оңға Қобда көшесіне бұрылады – Абылай хан даңғылы – Қошқарбаев даңғылы – Құдайбердиев даңғылы – Пушкин көшесі – одан әрі қазіргі бағыт бойынша Жеңіс даңғылымен «№15 мектеп-гимназиясы» аялдамасына дейін – одан әрі Бөгенбай батыр даңғылымен оңға – Бейсекова көшесі – Қосшығұлов көшесі – одан әрі қазіргі бағыт бойынша жүреді. Содан соң осы бағытпен кері қайтады.

Қалған автобустардың жол жүру бағытындағы өзгерістерімен қаланың ресми сайтындағы мәліметтен толығырақ таныса аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз