Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Астанада адам папилломавирусына қарсы вакцинация жүріп жатыр

Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

«Мен вакцина туралы медбикеден алған буклеттен оқыдым. Содан кейін анамнан сұрадым, ол келісті. Бүгін вакцина алдым, ауырған жоқ, қорықпадым. Қазір өзімді жақсы сезінемін», – деді №75 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Адель Уагизова.

АПВ вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бүгінгі таңда бұл вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады, соның арқасында бірқатар елде әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінгі күні 90%-ға төмендеді.

«11 жастан бастап қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинациялауды бастау – біздің өскелең ұрпақтың болашақ денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз – барынша қорғанысты қамтамасыз ету және халық арасында сырқаттанушылықты азайту. Біз ата-аналарды балаларын қауіпті аурулардан сақтау үшін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз», – деді елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз