Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астана-Щучинск тас жолынан 500-ден аса адам эвакуацияланды

Өткен сенбіден бері Астана мен Ақмола облысында қатты боран соғып, Астанадан шығатын тас жолдар жабылған. Билік өкілдері мен құтқарушылар жүргізушілерден қала сыртына шықпауды сұрады. Ақкөл-Щучинск тас жолы телімінде құтқарушылар қарға батып қалған 103 автокөлікті шығарып алып, Щучинскіге дейін шығарып салды, олардың арасында 3 автобус бар.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, Астана мен Ақмола облысында 9-желтоқсаннан бері оңтүстік-батыстан соққан екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы – 23-28 м/с қатты жел қарды түтетіп, жолды көрсетпей тұр.

Боранға байланысты өңірде дабыл қағылды. Бүгін де Астана-Щучинск тас жолы жабық екенін ескерте кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз