Астана форматындағы келіссөздер Сирияда ұзаққа созылған соғыстың аяқталуын жақындата түсті.
«Қонақжай қазақ елінің бас ордасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үздіксіз қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан Сирия бойынша Астана процесінің кезекті раунды аяқталуда.
Бұған дейін өткен 10 раундтардай, осы басқосу аясында сирияаралық келіссөздер үдерісіне қосымша серпіліс әкелетін, қарсыласушы тараптар арасындағы сенімді арттыратын, сондай-ақ қарапайым сириялықтардың өміріне оң әсер тигізетін маңызды нәтижелерге ие болу – ол қуантарлық жайт», – деді министр.