Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астана процесі: Қорытынды құжат соғысты тоқтату режимін бекітеді

Бұл жайында ҚазАқпарат келіссөздерді ұйымдастыруға қатысы бар сенімді дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

«Кепілгер елдер астанадағы кездесудің қорытындысы бойынша негізгі үшжақты құжаттың мазмұны туралы түсіністікке қол жеткізуде. Басты назарда – соғысты тоқтату режімін бекіту. Келіссөздер процесіне Сирия үкіметі мен оппозициясының өкілдері белсенді араласуда. Толықтай алғанда ахуал – конструктивті», – деп атап өтті ол.

Елордадағы «Риксос» қонақ үйінде өтіп жатқан Сирия жанжалын реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге Сирияның үкіметтік делегациясынан БҰҰ жанындағы осы елдің тұрақты өкілі Басар әл Жафари, шамамен 15 оппозициялық топтың өкілі, РФ Президентінің сириялық реттеу мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия Сыртқы істер министрнің орынбасары Седат Онал Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Садек Хусейн Жабери Ансари, БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ елшісі Джорд Крол қатысуда.

Айта кетейік, келіссөзге қатысушы тараптар сағат 14.00-де Астана процесінің нәтижелерін жария ету үшін қорытынды баспасөз мәслихатына шығады деп күтілуде. Келіссөздерге қатысушыларды қабылдаушы тарап барлық делегация өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізетін арнайы зал дайындап қойған. ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілі БАҚ алдына кімнің шығатындығын дөп басып айта алар емес.

Дегенмен, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісі Стаффан де Мистураның журналистерге брифинг өткізу мүмкіншілігі жоғары болып тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз