ҚР Инвестиция және даму министрлігі аптасына екі рет қатынайтын «Астана-Павлодар» жаңа электр пойызының билет құнын жария етті.
Электр пойыздың құрамы 2013 жылы жасалынған 3-санаттағы 8 вагоннан тұрады.
Билет құны: 1-санат үшін – 2 305 теңге, 2-санатқа – 2 147 теңге және 3-санат – 1 784 теңге болады.
«Айта кету керек, Астана мен Павлодар арасында күніне 900 жолаушы қатынайды. Ал жазғы мезгілде 1 100 жолаушы жолға шығады», – деді Қ. Жұмабайұлы.