«Жолаушылар тасымалы» АҚ №67/68 «Астана–Өскемен» бағыты бойынша Talgo пойызына спутниктік жоғары жылдамдықты интернет орнатты. Бұл жоба OneWeb спутниктік жүйесі арқылы жүзеге асырылып, ең шет аймақтардың өзінде де тұрақты байланыс ұсынады.
Бұған дейін интернет №3/4 «Астана–Алматы» пойызында сынақтан өтіп, 24 мың жолаушы қолданған. Сауалнама бойынша, жолаушылар интернетті байланыс (27%), жұмыс (25%) және ойын-сауық (22%) үшін пайдаланған.
Компания алдағы уақытта барлық Talgo пойыздарын цифрлық сервистермен толық жабдықтауды жоспарлап отыр.