Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
8
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Астана мен Алматыда АИ-92 жанар-жағармайы тапшы, ал бағасы құбылып тұр

Аталған маркалы бензиннің ең арзанын қазір елордада «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансаларынан ғана табуға болады. АИ-92 бензині онда литріне 128 теңгеден сатылып жатыр. Алайда оны сатып алудың өзі мұң.

«ҚазМұнайГаз» бекеттерінің басым бөлігі бензинді тек талон арқылы босатып жатыр. Бұл жағдай Алматыда да көрініс табуда. “ҚазМұнайГаз” бен “Гелиос” бекеттерінен басқасында бензинді әртүрлі баға сатып алуға болады. Мысалы, “ГазПромда” 92 жанар-жағармайының 1 литрі 134 теңгеден саудалануда.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы мұндай шаралар бензиннің тапшылығына орай қолға алынып жатқандығын мәлімдеді. Сондықтан АИ-92 бензині тек талон және ҚМГ-нің клуб карталары арқылы сатылуда. Оның үстіне бір көлікке тек 20 литрден ғана сатылуда. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясына хабарласқанымызда, бензиннің көлемін шектеу барын растады, алайда ол барлық бекеттерде емес екендігін хабарлады.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз