2017 жылы Астана күні қазақстандықтар төрт күн демалады.
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
Қазақстанда Астана күні ресми түрде 6-шілдеде аталып өтіледі. Үкімет қаулысы бойынша, сенбі, 1-шілдедегі демалыс жұмаға, 7-шілдеге ауыстырылады. Ары қарай сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Осылайша қазақстандықтар 6-шілдеден бастап 9-шілдеге дейін төрт күн қатар демалады.