Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Көшелерін су басқан Астананың әкімі кешірім сұрады

Оның айтуынша, қолда бар барлық 107 дана арнайы техника жұмылдырылып, су басқан аудандарда тəулік бойы су сорылып жатыр. Соңғы күндері ғана қосымша сусорғылармен 100 мың текше метр су сорылыпты, тазартқыш ғимараттар арқылы 150 текше метр су өткен.

Коммуналдық қызметтер қаланы тазарту үшін әлі бір тəулік керек екенін мәлімдепті.

«Жолдардың уақытша жабылуы сияқты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Əкімдік өз тарапынан нөсер кездерінде жолдағы жағдай туралы бірінші кезекте ресми дереккөздер – сайт, əлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар, радио хабарлау, сондай-ақ төтенше жағдай департаментінің байланыс құралдары арқылы мейлінше ақпараттандыруды қолға алады.

Былтыр жаңбыр суы ағатын кәріз қызметіне байланысты мәселелерді шешудің жаңа жолдары әзірленді. Нақтырақ айтқанда, №31 көшеде су тазарту құрылыстарын салу бойынша жобалар іске асырылды, Мыңжылдықта су тазарту құрылыстары іске қосылды, сондай-ақ, Иманов көшесіндегі сорғылардың қуаттылығы ұлғайтылды», – деп толықтырды өз жазбасын Әсет Исекешев.

Су жиналатын коллекторлар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да әкім өз жазбасында  толықтай есеп береді.

«Бүгінде мәселені жүйелі түрде тұтастай қала бойынша шешу үшін халықаралық институттармен, инженерлермен және эксперттік топтармен бірлесіп нөсер кәрізі жүйелерін одан әрі дамыту бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмыз. Тиісті жұмыстардың нәтижелерін міндетті түрде күзге қарай қалалық қоғамдық кеңестің талқылауына ұсынатын боламыз», – деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада мол түскен жауын-шашыннан орталық көшелерді тағы су басты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз