Демалыс күндері Астана қаласының бірнеше көшесі жабық болады.
Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жолды жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Абылай хан даңғылының Жансүгіров көшесінен Манас көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Жол жөндеу жұмыстары 6-7 тамызда жүргізіледі.
Тамыздың 6-сы мен 10 аралығында да Петров көшесінің Ахматова көшесінен Мұңайтпасов көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады. Осындай ескерту жасаған Алматы әкімдігі елордалық көлік жүргізушілерден жол бағдарларын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.