Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Астана» Қытай клубын 6:0 есебімен ұтты

Елорда командасы бірінші таймда қарсыластарын 4:0 есебімен ұтып шықты. Команда сапында Юрий Перцух, Бақтиер Зайнутдинов, Алексей Щеткин мен Роман Мұртазаев гол соқты. Астаналық футболшылар ойын барысында қытайлық клубты сәт сайын айып алаңында қыспаққа алып, айқын басымдығын танытты.

Екінші таймда да команда ойыншылары алмасып, «Ляонин Хувин» командасынан бір бас жоғары екенін байқатты. Ойын аяқталар тұста Джордже Деспотович пен Марин Томасов гол соқты.

Астана келесі жолдастық кездесуін де қытайлық клубқа қарсы өткізеді. Бұл жолғы қарсыласы – «Шаньдун Лунэн». Өткен маусымдағы Қытай суперлигасында 6-орын алған. Командада Бразилия құрамасының экс-форварды Диего Тарделли мен Италия құрамасы сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан Грациано Пелле ойнайды.

Айта кетейік, осыған дейінгі жолдастық кездесулерде «Астана» Ресейдің «Спартак» пен «Краснодар» клубтарын ұтып, Словакияның «Жилина» және Швецияның «Хеккен» клубтарына есе жіберген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз