Астанада 20 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды.
Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
“Бауыржан Момышұлы даңғылында бір қыздың денесі жатқаны туралы полицияға 3-мамырда шамамен сағат 19.30-да хабарлама келіп түсті. Қыздың аты-жөні анықталды, оның 1997 жылғы екені белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) тіркелді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді Астана қалалық ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова.
Куәгерлер жолдаған сурет