Ұлттық банк “Астана банкі” АҚ банк және өзге де операцияларды жасау лицензиясынан айырды.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 214 шешіміне сәйкес, “Астана Банкі” АҚ (одан ары Банк) банк және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. Аталмыш лицензия банкке 2015 жылдың 20 сәуірінде № 1.1.32 шешімімен берілген болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республкиасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 352 бұйрығымен Банк басқармасының барлық уәкілетті органдарының қызметі жүктелген уақытша әкімшілік құрылды.
Ал, 2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап, Банк клиенттерінің шоттарына қатысты барлық операциялар тоқтатылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттың банкі заң негізінде сотқа Банктің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы өтініш жазбақ.
Банк жеке тұлғалардың депозиттерінің міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болғандықтан, депозиті бар тұлғаларға заң негізінде кепілдемелік өтемақы берілетін болады.
Банк қызметіне қатысты өзге де сауалдар бойынша Зинуллина Джемма Мұхамбетқызына хабарласуға болады: +7 (727) 259-60-60.