Астана халықаралық әуежайында Шымкент-Астана рейсі бойынша қонған жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
«Бүгін Астана әуежайында Шымкент-Астана рейсі бойынша қонған Эйр Астана әуекомпаниясының «Эйрбас-320» ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Қозғалтқышқа зақым келген. Ұшақтың арнайы жолақтан шығып кетуіне байланысты аэродром сағат 13:30-дан 14: 10-ға дейін жабылды», – делінген Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде.