Мемлекеттік сатып алу порталында
Астана қаласы әкімдігінің «Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2 млрд 700 млн 905 мың теңгенің тендерін жариялады.
Бұл туралы мәлімет Мемлекеттік сатып алу порталына шықты.
«Астана қаласының нөсерге қарсы канализация жүйесін дамыту. Тәуелсіздік даңғылы бойынша Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі (2 участок) жердегі нөсер канализациясы коллекторын қайта құрастыру» мердігерлік жұмыстары», – деп жазылған әкімдік жариялаған тендерде.
Ал тендер қаражатына елорда әкімдігі жаңбыр жауса су астында қалатын Тәуелсіздік даңғылындағы Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі жердің нөсер жауғандағы кәріз коллекторын жөндеуді жоспарлаған.