Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанаға кіретін көліктер үш күн ғана тегін жүруі мүмкін

102

“Мүмкін, қалаға кіретін ондай көліктер үшін белгілі бір шектеулер енгіземіз. Мүмкін, үш күн жүрсін, сосын Астанада жүргені үшін төле дейміз. Дегенмен бұл норманы өткізу қиын болады. Бұл норма басқа қаладан келетін және транзиттік көліктер үшін қаралады. Сосын Елордаға кіреберістерді де ақылы қылу мәселесі қаралып жатыр. Сағат 8 бен 10 аралығында. Қалаға енетін көліктердің негізгі легі Қосшыдан, Талапкер, Қоянды, Жібек Жолынан келеді. Орынбор, Сығанақ көшелерінде таңғы уақытта жүру қиын. Орынбор көшесінде 10 мектеп пен 9 балабақша бар. Әрбір үшінші бала көлікпен жеткізіледі. Министрліктер үйіндегілердің бәрі машинамен жүреді. Бұл – проблема”, – дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Астана әкімінің орынбасары шағын айналмалы жолдың құрылысы жайлы да баяндап өтті. Оның жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрайды. 2008 жылдан бері 22 шақырым салынған. Тәулігіне 90 мың көлікті өткізіп, жол кептелісін азайтуға мүмкіндік бермек. 20 мыңдай көлікті қала орталығына жеткізбей, айналдырып өткізе алады.

2017-2019 жылдарға аталған жобаға 190 млрд теңге қосымша қаражаттың керегін алға тартты әкім орынбасары. Бүгінде ЛРТ компаниясы жобасын ықшамдап, 89 млрд теңге үнемдеген. Бұл қаржы да аталған жобаға жұмсалмақ. 

0343af584b02e007803641bfe44

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз