Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ассемблея мүшелері «Рухани жаңғырту» бағдарламасын белсенді насихаттауда

133

Мәдени нысандарды тұрғызуға Ассамблея қатарында кәсіпкерлер демеушілік жасайтын болады. Осылай еліміздегі этносаралық татулық пен ынтымақтың нығаюына барынша атсалысып келе жатқан Ассамблея мүшелері енді жерде «Туған жерді» түлетуге де өз үлестерін қосатын болады.

Жалпы биылғы жылы Ассемблея мүшелері 4 млрд теңгеге түрлі көмек көрсеткен. Атап айтқанда, қырғыз этномәдени бірлестігі Ақтау қаласының бірнеше жеріне тал-теректер отырғызып, гүл егіп берсе, әзербайжан, шешен-ингуш бірлестіктері көпбалалы аналар мен мүгедектерге қайырымдылық көмек жасаған.

Бұл бастама басы ғана. Ассамблея мүшелері мұндай игі істерді алдағы болашақта да жалғастырмақ ниетте. Ассемблея мүшелеріне әсіресе «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асатын жобаларға қызығушылық танытып отыр.

Бұл ретте еліміздегі кәріс этномәдени бірлестігінің мүшесі Елена Ким былай дейді:

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазіргі күні жастар қауымы жан-жақты дамыған, барынша мобильді болуы керек екенін атап өтті. Бүгінгі таңда мен итальяндық көлік компаниясында логист болып жұмыс істеймін. Компания отандық өнімдерді өзге елге экспорттау арқылы ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып жатыр. Өз басым Мемлекет басшысы айтқан: «табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім» деген ұстанымды ұстанамын. Айталық, мен 4 тіл білемін. Бұл мені елмен тіл табысуымды, жұмыс істеуімді жеңілдетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз