Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Аспендияров атындағы ҚазҰМУ жеті жылдық оқу мерзімін қысқартады

122

Талғат Нұрғожин болашақ медицина қызметкерлерінің ақпаратты өз бетімен алып және талдау жасап, деректерді дұрыс бағалай алуы үшін оларға ақпараттық технологиялар мен ресурстар мүмкіндігін пайдалануды үйрету қажет деп есептейді.

Оның пікірінше, білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жетілдіру білім жөніндегі ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты студенттерге жүктемені арттырмауы қажет.

«Сондықтан, Еуропа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, біз университеттегі оқу ұзақтығын жеті жылдан алты жылға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. ЖОО түлегі дәрігер дипломмен бірге ғылым магистрі дәрежесін де ала алады», – деп түсіндірді университет басшысы.

Оның айтуынша, басты назар резидентура бағдарламасына, клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге аударылып отыр.

«Біріншіден, университет түлектерінің басым бөлігі резидентураға баруы тиіс деп есептейміз, яғни емдеу процесіне жіберілетін барлық дәрігерлерге резидентураны аяқтау талабы қойылуы керек. Екіншіден, резиденттер тәжірибеден өтуі керек, яғни науқастарды емдеуі керек. Дамыған елдерде емдеудің үлкен көлемі резиденттерге жүктеледі.

Мәселен, АҚШ-та резиденттер аптасына 80 сағат клиникада жүреді. Америкалық әріптестер резиденттерге: «Егер мұны жасамасаңыз, жақсы дәрігер бола алмайсыз» дейді. Сондықтан, біздің негізгі міндетіміз – резиденттерді операциялық бөлмелер мен палаталарға көптеп жіберу», – деді ректор.

Сонымен бірге, Талғат Нұрғожин университет ұжымы мен студенттерінің негізгі міндеттерінің бірі – қазіргі жылдам өзгеретін жағдайларға бейімделу үшін жаңа қиындықтарға бейімделе алу екендігін атап өтті.

«Жақын арада құзыреттілікті дамытуға, медициналық көмек көрсету жүйесіндегі сыртқы жағдайларға тез бейімделуге және денсаулық сақтау технологияларын дамытудағы әлемдік тенденцияларды көрсетуге бағытталған білім беру бағдарламалары – ҚазҰМУ-дағы жоғары медициналық білім берудің негізі болуы тиіс.

Бүгінде бұл – жеке дербестендірілген телемедицина, биоинформатика, диагностика мен жасанды интеллектті қолдану арқылы емдеу, регенерациялау, аугментация және биогерентология. Медициналық технологияларды дамытудың көптеген бағыттары «дербестендірілген медицина» ұғымымен бірігеді, яғни онда науқастың профилактика, диагностика және емдеудегі жеке ерекшеліктері ескерілген.

Ақпараттық технологиялар мен генетикалық зерттеулердің дамуы арқылы дербестендірілген медицина шындыққа айналды. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген жеке медицинадағы қоғам қажеттіліктерін ескеру арқылы еліміздегі жоғары медициналық мектепті дамыту қажет», – деп өз сөзін түйіндеді Талғат Нұрғожин.

Медицина мамандарының ұстаханасына айналған ҚазҰМУ-да бүгінде 10 мыңға жуық студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар мен PhD докторанттары білім алады. Олардың арасында 8 елден келген 1000-нан астам шетелдік студенттер бар. Биыл университеттің құрылғанына 88 жыл толады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз