Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Асқар Жұмаділдаев министр болса, ең бірінші нені қолға алатынын айтты (видео)

***

Қазақта неге ақын көп? Неге айтыскерлер көп? Өйткені, қазақ эмоциямен, образбен ұғады. Математиканы да образбен түсіндіріңіз. Сонда есте қалады.

***

Қазақтың тойы бес сағат болады. Оны қысқарту керек. Көп дегенде жарты сағат болсын, мүмкін қырық минут, жарайды, елу минут болсын. Одан аспасын. Сол жетеді.

***

Менің арманым бар: математиканың өзін кем дегенде 20 салаға бөлу керек. Олар: алгебра, геометрия, сандар теориясы, статистика деген сияқты кете береді.

***

Ғылым – өнер емес. Егер Димаш сахнаға шығып, әнін айтып, шыңғырып берсе, бәрі жақсы көріп қалады, трансқа түседі. Бұл түсінікті. Тікелей шығады ғой. Немесе біреу екіншісінің мұрнын бұзса да, не болғанын ұғып тұрасыз. Ал, ғылымда олай емес. Оны игеру үшін уақыт керек.

***

Шындығында қазақтың байлары Американың байларынан асып түспесе кем емес. Бірақ „Асеке, ақша берейін, Сіз тегін курс өткізіңіз„ дегенді осыған дейін көргенім жоқ. Ондайлар шығып жатса, тек қуанам. Мұнда 5 курс қамтылған, ал математикада кем дегенде 20 курс болуы керек.

***

Біздің балаларымыз грамота алғанды жақсы көреді. Оларға сатып та алып беруге болатын еді. Бірақ, еңбек сіңіріп, есеп шешіп алғаны – тіпті жақсы.

***

Менен бәрі менталды арифметика туралы сұрай береді. Ол дегенің таза ақымақтық. Тіпті әңгіме қылуға да тұрмайды. Алайда, бәрі неге соған ғана назар аударады? Бұл дұрыс емес.

***

Британияда “Академик” деген атақты қандай адамдарға беретінін білесіздер ме? Ғылымдағы жетістіктерімен бірге, ғылымның танымалдылығын арттыруға қосып жүрген үлесі үшін береді. Ал, бізде ол туралы ешкім ойламайды, тіпті министрлікте де айтпайды.

***

Қазақ тілінде жазылған математика кітаптарының 90 пайызы математикалық анализдеу мен жоғарғы математикаға қатысты жазылған. Неге олай? Себебі, оларды жазған оңайырақ. Көшіріп, жаңа кітап жаза бересің.

***

Әдетте қазақтар бәрінің бірден бола салғанын қалайды. Ғылымда олай істеуге болмайды. Егер батыстық стильді алатын болсақ, олар нақтылықты жақсы көреді. Ал, нақтылық дегеніміз – жоғарғы мектеп. Демек, бізге бәрінен бұрын жоғарғы мектептерге арналған кітаптарды жазу керек.

***

Бізде мәдениетті адам деп кімді айтады? “Соғыс және бейбітшілік” романын оқыған адамды айтады. Ал, менің ойымша, мәдениетті адам дегеніміз – матрицаны түсінетін адам.

***

Егер мен министр болсам, үштілділік, екітілділік дегенді қойып, университетке оқулықтар жаздыртатын едім. Барлығы мектеп оқулықтарын сөз қылады. Проблемасы жетерлік, оған дауым жоқ. Оны айтасыз, университет оқулықтарының өзінде түк жоқ.

Еске сала кетелік, әлеуметтік желі қолданушылары былтыр жыл соңында Білім министрі Асқар Жұмаділдаев болса деп ортаға ұсыныс тастаған болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=o7mf925I0_I

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз