Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Асқар Мамин бастаған үкімет бір жылдың ішінде қандай нәтиже көрсетті?

122
Сурет: Sputnik Қазақстан
2020 жылдың 25 ақпанында Асқар Маминнің премьер-министрлікке келгеніне  бір жыл толды. «Стратегия» қоғамдық қоры сарапшыларға қазіргі үкіметтің жетістіктері мен кемшіліктерін бағалауды ұсынды. Сауалнамаға жеке және мемлекеттік саладан  23 респонент қатысты. Зерттеу барысында үкімет жұмысы туралы материалдардың көбісі интернет басылымдарда жарияланғаны белгілі болды. Респонденттердің жартысынан көбі министрлердің баяндамалары мен мәлімдемелерін талдайтынын айтты.

Жас болашақшылар алға

Сарапшылар Асқар Мамин Бақытжан Сағынтаевтың бірінші орынбасары болған кезде де рейтингілерде министрден кейін қалмағанын айтты.  «Тиімділік»  және «даму келешегі» критерийлері бойынша кейде тіпті алға шығып кететін.

Мамин үкіметінің 2019 жылғы жұмысын сарапшылар «қанағаттанарлық» деп бағалады. Ол 5 балдық шкаланың  2,88 балын алды. Көбінесе

Мамин үкіметі айтарлықтай жетістікке жеткен жоқ

деген себеппен «3» деген баға қойған.

Ең жоғарғы баға – 4 балл. Ең төменгі – 1 балл.  Төмен баға қойғандар:

  • экономиканы монополизациялау жалғасуда,
  • азық-түліктің бағасы күрт көтеріліп кетті,
  • өмір сүру сапасы төмендеп жатыр, –

деген дәлелдер келтірді.

жауап берушілердің аздаған бөлігі қазіргі құрамды «техникалық үкімет» деп бағалап,

олар өздерінің алдындағы биліктің қателіктерін түзеп, қысқа мерзімді міндеттерді ғана орындайды дейді

— Қазір министрліктегі лауазымдардың көбіне «Болашақ» бағдарламасының түлектерін тағайындап, сынап жатыр. Оларды ары қарай да басқарушы орындарға жылжытатыны сөзсіз,  — дейді респонденттер.

Транзиттік кезең үкімет жұмысына қиындықтар әкелді

Сарапшылардың пікірінше, министрлер кабинетіне билік транзиті көптеген қиындық туғызды. Премьер мен үкімет екі билік орталығының арасында үйлесімділік табуы керек еді.

Жалпы алғанда, Сағынтаев (2018 ж.) пен Масимовтың (2016 ж.) үкіметімен салыстыратын болсақ, қазіргі құрам икемдірек және кәсіби деңгейі де жоғарылау, бірақ көп бастама көтермейді және жауапкершілігі төменірек.

— Үкімет президенттің тапсырмасын орындайтын техникалық оператор ретінде қызмет етіп, өз алдына политикалық ұйым бола алмады, —  деп жауап берді респонденттер.

Бағасы өте жоғары емес

Көптеген сарапшы «Мамин аса ірі жобалардан бас тартып, бюджетпен тиімді жұмыс істеді» деген пікірде. Алайда «мемлекеттік бағдарламаларды орындау» және «халықтың өмір сүру сапасын жақсарту» параметрлері бойынша респонденттер төмен баға, 2 және 1,81 балл  берген

«Экономика айтарлықтай дамыды деп айта алмаймыз, баға да бұрынғысынша көтерілуде. Сәйкесінше халықтың нақты табысының деңгейі өсудің орнына, төмендеп жатыр»

— Сарапшылардың Мамин үкіметіне берген бағасы барлық параметрлер бойынша жоғары емес: 5 балдық шкала бойынша  ең жоғарысы – 3,25 балл, ең төменгісі – 1,60 балл.

Сарапшылардан қазіргі министрлер кабинетінің жетістіктерін ретінде келесілерді көрсетті:

  • ШОБ-тан түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке өткізу,
  • бюджетті орындау,
  • Арыс қ. қайта қалпына келтіру.

2020-2025 БЖК-ні келіссөздерді әзірлеу және қабылдау мен ЕАЭО бойынша келіссөздерді жетістік деп қарауға байланысты даулы мәселе туындады.

— Сондай-ақ сарапшылардың көбі көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, ЖІӨ өсуі, бағаны тұрақтандыру шаралары, Тоқаевтың сайлау алды уәделері, ішкі және сыртқы қақтығыстардың болмауын жетістік деп бағалаудан бас тартқан. Бұл позиция «жоғарыдан анықталып, бұйрық берілген немесе алдын ала ойластырылған және жоспарланған әрекеттерді орындау ғана», — деп мәлімдеді әлеуметтанушылар.

Сондай-ақ сарапшыларға  қай министрдің жұмысы ел дамуының қазіргі деңгейінде маңызды орын алады деген сауал қойылды. 2018 жылдан бері ең үздік бестік өзгермеген екен, жай ғана орны ауысқан.

Бірінші орынды ұлттық экономика министрлігі иеленген, Екінші орынға ІІМ жайғасты. Бұрын 2 орында болған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 5 орынға түскен. Білім  және ғылым министрлігі мен Қаржы министрлігі сәйкесінше бір орынға көтерілген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз