Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Әскери ұшақты дөңгелексіз қондырған ұшкыш үш жылға сотталды

Алайда ұшқыштың туыстары мұнымен келіскісі жоқ. Айтуларынша, оқу-жаттығу әскери техниканы тексеру мақсатында өткен. Сондықтан істемей қалған шасси үшін пилоттың жауапқа тартылуы күлкілі жағдай. Керісінше, жолын тауып, сәтті қонған. Сол себепті де, ұшқышты түрмеде қылмыскерлердің қасында ұстау нағыз сорақылық деп, бостандыққа жіберуді сұрып отыр. Ал апатты жағдайдың өзі 2016 жылдың қарашасында болған. Шассиі шықпай қалған Су-27 жойғыш ұшағы аэродромға аман-есен қонып, әскери бір ажалдан қалған.

“Сот басталмай жатып, бәрі менің күйеуіме қырын қарады. Кінәсіздігін дәлелдеп тұрса да құлағына ілген жоқ. Техникалық ақау бола, ұшуға рұқсат берген басшылар неге жауапқа тартылмайды онда? Неге жалғыз менің күйеуім жауап беру керек. Ол керісінше апаттың алдын алды емес пе?!” – дейді Айнұр Тәңірбергенова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз