Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әскерге шақырылған азаматтардың енді діни ұстанымы тексерілетін болады

122

Әскерге шақыру 26-наурызда басталғанымен, нақты жұмыс жаңа жылдан бері жүргізіліп келеді. Яғни, үш-төрт ай бойы тексеріп жатырмыз.

Содан кейін бізде белгілі бір лауазымдар, жасақтар, шекаралық қызметтер, әуе қорғаныс күштері бар, бұларға да қосымша рұқсатнама керек, бұл міндетті түрде тексеріледі. ҰҚК мен шекаралық қызметке бұдан да мұқият іріктеу өткізіледі”, — деді ҚР Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау жұмыстары департаментінің басшысы Мүслім Дайыров орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Жалпы айтқанда, биылғы әскерге шақырудың негізгі мақсаты – әскер жасындағы жастар арасынан психологиялық және физикалық тұрғыда мықты жасақтар құру.

“Жыл сайын талаптарымыз күшейтіліп келеді. Тіпті әскерге аттануға дайын, дені сау төрт азаматтың арасынан біреуін ғана таңдап алатын кезіміз болады. Әрине, әскер жасындағы жастардың саны өте көп, бірақ олар физикалық параметрлер бойынша іріктеледі. Өз тәжірибеммен бөлісер болсам, бұрнығы кезде басқадай параметрлер бойынша әскерге шақырылатын, ал қазіргі параметрлер анағұрлым жоғары, сол себепті әскерге шақырылған контингенттің де сапасы мықты”, — дейді Дайыров.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз