Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ашып айтылмайтын нәрсе. Қазақстанда мұғалім болып жұмысқа тұрудың ставкасы аталды

133

Бұл туралы ақтөбелік Абай Нұрмағанбетов Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

„Балдызым мұғалім. Жас маман. Универден кейін ауылға мұғалім болып барып, бір жыл жұмыс істеп келді. Информатика пәнінен сабақ береді. Жаздай қала мектептерінен жұмыс таба алмады. Резюмесін алған мектептер мен оқу бөлімі хабарласпапты. Жаны жабырқап жүрген балдызыма қарт ұзтаздың айтқан ақылы:

“Қарағым,бірінші жұмыс тауып алмай, ауылдағы жұмысыңнан бекер шықтың.Қоғамды жегідей жеген жемқорлықтың оқу саласына кіргеніне 5-6 жылдың жүзі болды. Бұрын білімді, білікті ұстазға жұмысқа тұру қиынға түспейтін. Қазір қалада жұмысқа тұрудың құны – 300 мың теңге.

Жоғарыда көкең, не бұндай ақшаң жоқ болса, жұмысқа тұруың екі талай. Мына көрші – Қызылорда облысында мұғалім болу үшін 1 млн теңгең болу керек…,- деген еді.

Балдызым мектептен жұмыс таба алмады. Қазір “Дина” гипермаркетінде жұмыс істеуде. Оқу бөлімі нағыз ұстаздан айрылып қалғанын білмейтіні, өкінішті„ деп жазады ақтөбелік азамат.

14805433_1020414701418176_1863405393_n

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз